Тарих

«Усть-Каменогорский мукомольный комбинат» ыдыраудан кейін қалыптасуының басталуы.

Өскемен диірмен комбинаты тарихының тамыры 1960 жылға кетеді, осы кезде Ертістің жалаңаш жағалауында КОКП ОК қаулысына сәйкес аймақтың дәнді дақылдарды сақтау мен өңдеудегі барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қуатты дән өңдеу кешенінің құрылысы басталды.

 

 

 

Сол кездегі ең заманауи және қуатты ұн тарту комбинатын іске қосу 1964 жылы орын алды. Жаңа кешен қуаттылықтары дәнді дақылдарды сақтау бойынша 29 мың тоннаны, 1-ші, 2-ші сұрыпты және қарабидай  ұнын өндіру бойынша – тәулігіне 300 тоннаны, құрама жем өндіру бойынша – жылына 120 мың тоннаны құрады.

 

 

КСРО ыдырауы және қайта құрылыс кездері Шығыс Қазақстанның аграрлық секторының ең қуатты өңдеу кәсіпорны қызметін толық әлсіреуге әкелді.
Алайда, қиыншылықтар мен бассыздыққа қарамастан, 1999 жылы “УК Хлебопродукт” АҚ негізінде «Усть-Каменогорский мукомольный комбинат» ЖШС құрылды. Осы мезеттен бастап кәсіпорынның екінші өмірі басталды. Жаңа ұжым кешеннің жұмыс қабілетін сақтап, ауыр кезеңдерге төзіп, кейінгі даму негіздерін сала білді. Осы кезде кәсіпорынның ұйымшыл және кәсіби ұжымы да маңызды қызмет атқарды.

Ауа райы

Жүргізу бағыттары

РҚҰБ курсы

Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан

Курс евро к тенге в Республике Казахстан

Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Теl. +7-777-853-7777
E-mail: ukmkvko@mail.ru