Сапа өнімі

Өнімнің мұндай сапасына қалай қол жеткізіледі?

Ұнның жоғары сапасы бидай сапасын сапалы, дәл анықтауға мүмкіндік беретін меншікті аттестатталған зертханамен қамтамасыз етіледі, өз кезегінде ол сапалы ұн тарту топтамаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өңделетін шикізат жергілікті нарықтан, сондай-ақ, Қазақстанның Солтүстігінен және Орталық бөлігінен сатып алынады. Шығыс Қазақстан мұнда биікт таулардан бастап құрғақ далаға дейін барлық дерлік климаттық аумақтар бар болуымен бағалы болып табылады. Сәйкесінше, біздің аймақта өсірілген бидай – әр түрлі. Зертхананың бар болуының арқасында ұн тарту топтамаларын қалыптастыруға және ұн тарту үшін мінсіз жарамды дәндер дайындау мүмкіндігі бар. Осыған байланысты ұн сапасы жоғары тұрақтылықпен ерекшеленеді.

Комбинатқа келіп түсетін жаңа жиналған бидай міндетті түрде өңдеуден бұрын кем дегенде екі-үш ай ішінде жинаудан кейінгі пісіп жетілу кезеңінен өтеді, ол желімтік сапасы мен ұнның нан пісіру қасиеттерін жоғарылатады.
Зертхана қызметкерлері заманауи, дәлділіні жоғары құралдарды қолданумен дәннің барлық сапаларын анықтайды. Ұн тарту топтамасы сапа көрсеткіштерін есепке алумен, әр түрлі аймақтар дәндерінен құралады. Дән төрт қайтара тазартылады, оның ішінде екі рет қоқысты қоспадан элеваторда және екі рет диірменде. Сәйкесінше тартуға тек жоғары қасиетті іріктемелі бидай түседі.

Одан басқа, тартылатын топтаманы қалыптастыруда қалыпты мәні 250-300 секундты құрайтын төмендеу саны (нан пісірудегі негізгі көрсеткіш) есепке алынады. Комбинатта өндірілетін ұнның төмендеу саны 270-350 секунд, ол өнімнің жоғары сапасының дәлелі.
Ұнның қышқылдлығына да ерекше мән беріледі, оның нормалары сақталмаған жағдайда шығарылатын өнім жылдам көгеріп, ашуы мүмкін. Комбинат зертханасы барлық сапа көрсеткіштерін қатаң қадағалайды. Диірменді қалпына келтіруден кейін нормативтік көрсеткіштерге қатысты ұнның ақтығы айтарлықтай жоғарылады, ол тұтынушылар үшін өте маңызды.

 

Ауа райы

Жүргізу бағыттары

РҚҰБ курсы

Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан

Курс евро к тенге в Республике Казахстан

Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Теl. +7-777-853-7777
E-mail: ukmkvko@mail.ru